«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 254 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«киберқауіпсіздік саласында қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып жүгіну;»;
1-тармақтың алтыншы - он үшінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) әділет органдарының киберқауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ықтимал бұзуы тұрғысынан атқарушылық іс жүргізуге «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі» цифрлық жүйе арқылы мониторинг жүргізу;»;
1-тармақтың он алтыншы, он жетінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: